Спорт

Петропавлдық “Құлагер” ХК кезекті маусымға қарқынды дайындалу үстінде

Онда спортшылар жалпы физикалық дайындықтарын пысықтаса, 25-нен бастап мұз айдынында шеберліктерін шыңдауға көшкен. Биылғы маусымда командада бірқатар өзгеріс орын алуда. Өткен жылы бұл ұжымда өнер көрсеткен 16 спортшы ғана қалыпты.

Виталий Диденко – “Құлагер” ХК жалпы физикалық дайындықтар бойынша бапкері:


–  Қазір мұз үстінде ойыншылар техникалық тактикалық жаттығулар жасап жатыр. Арнайы нұсқаулықтарды орындап, шеберліктерін шыңдауда. Хоккейшілер өз бабында. Бұның алдында физикалық жаттығулар болған. Кезекті маусымға толыққанды дайындалу керек. Міндеттер жүктелді. Ол жеңістің жоғары тұғырынан көріну. Сол мақсатқа жетуіміз қажет.

Биылғы жылы команда сапын жаңадан 16 хоккейші толықтырмақ. Қазір олардың барлығының әуселесін бапкерлер байқауда. Тың ойыншылардың қатарында шабуылшы Сергей Жаворонков та бар. Ол өткен маусымда “Теміртау” сапында 56 ойын өткізіген. Жалпы чемпионатта 9 шайба салып, 14 рет нәтижелі пас шығарып 23 ұпай жинаған. Енді жаңа маусымда “Құлагер” сапында өнер көрсетпек.

Сергей Жаворонков – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– Мен өзімнің хоккейші мансабымды Челябі қаласында “Мечел” командасында бастадым. Кейін жоғарғы хоккей лигасында “Челмет” сапында, бұдан соң қазақстандық “Бүркітте” ойнадым. Өткен маусымда “Теміртау” клубында болдым. Енді міне петропавлдық ұжымнан ұсыныс келіп түсті. Ойланбастан келдім. Барлық жағдай жасалған. Өткен жылы бұл команда турнирде қола жүлдегер атанды. Осы атақты қорғап қалу керек. Қазір 3-і бестіктемін, бұған дейін 4-шіде болғанмын. Бапкер әрдайым ауыстырып отырады.

Енді, жергілікті хоккейшілер тамыздың 7-і мен 8-і күндері өз үйінде Рудныйлық “Горнякпен” жолдастық кездесу өткізеді. Кейін 12-і мен 14-і аралығында Көкшетау қаласында маусым алдындағы “Кубок Синегорья” турнирінде бақ сынайтын болады. Жалпы хоккейден ел біріншілігі қыркүйектің 6-ы басталады. Онда құлагерліктер өз айдынында павлодарлық “Ертісті” қабылдайды.

 

Риат Шони