Білім

Петропавлда республикалық “Мектепке жол” акциясы жалғасуда

Гаухар Жақыпова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің әлеуметтік ұстазы:

– Осы жылы біздің мектегі жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан 31 балаға көмек көрсетіледі. Қаңтар айында да акциялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оларға тегін тамақтану да қарастырылған.

Даниил Айтым бұл акцияға жыл сайын қатысады. Өйткені ол анасынан ерте айырылған тұл жетім. Ал әкесі баласынан бас тартыпты. Қазір 11-сыныпқа көшкен ол әжесі Алмамен бірге тұрады. Мектепке жиналу үшін бұл отбасы көп қаражат жұмсайды кен. Сондықтан мұндай шара ақшаны азда болсын үнемдеуге септеседі дейді.

Даниил Айтым – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы:

– Жыл сайын біздің мектеп мен сияқты балаларға көмектесіп тұрады. Мектеп құралдарын береді. Ол бір жылға толығымен жетеді. Рахмет.

Айта кеткен жөн, биыл республикалық «Мектепке жол» акциясы 9-шы жыл қатарынан ұйымдастырылуда.

Мәрә Қойбатырова – ата-ана:

 


–  Елімізде мұндай акцияның бары тамаша. Бұл – көп балалы аналарға үлкен көмек.

Аталмыш шара елімізде қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.

Айгерим Ержанова