Әр түрлі

Білім саласы қарыштап дамып келеді

Міне, сондай жандарды білім ордалары даярлап шығаруы керек. Бұл – осы салаға 54 жылын арнаған Раиса Полищуктың пікірі. Бүгіндері «Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығын басқаратын ол, балабақшада нақ осындай бүлдіршіндермен жұмыс істейміз дейді.

Раиса Полищук – «Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы ЖШС директоры:

– Бұрын білім саласы қатып қалған қағидалардан шыға алмайтын. Қазір ұстаздар, тәрбиешілер мен жалпы осы сала мамандары өзгерістерге даяр болуы керек. Бір кездері біздер қарапайым мектептен гимназия жасап, мықты деген білім ошағының қазығын қақтық. Енді бүгіндері жетекшілік етіп отырған мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығында да, сондай жаңашылдықтарды енгізудемін. Біз мұндағы әр баланың қарым-қабілетіне қарай жеке жұмыс жасаймыз. Ол балғынның мүмкіндігін ашуға септеседі. Ондай бағдарлама, кейін баланың жақсы мектепке барып, қиналмай оқып, білімін шыңдай түсуіне сеп болады.

Еліміз дамып, көркейген сайын білім саласы да талай рет өзгеріске ұшырады. Жаңаша көзқарас енгізіліп, тың идеялар пайда болды. Өңірімізде де жаңа мектептер мен балабақшалар көптеп тұрғызылуда. Олардың материалдық-техникалық қамтылуына да қыруар қаржы жұмсалады.

Раиса Полищук- «Искорка» мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы ЖШС директоры:

 

– Бүгіндері өңір, тұтас ел дамуының жемісін көріп келеміз. Әр салада жаңғырту жұмыстары орын алды. Көштен қалмаған білім саласы да өзгерді. Және қазір біздер облыстағы білім мекемелерінің жетістіктерімен мақтана аламыз. Бұл – жаңа идеялар мен инновацияның арқасы.

Раиса Полищук дұрыс ойластырылған болса, жаңашылдықтардың бәрі жақсы дейді. Бірақ, тәжірибелі педагог алдағы уақытта енгізілетін жаратылыстану бағытындағы пәндерді шет тілінде оқыту жүйесіне өзінің келіспеушілігін білдірді. Ол математика, физика, биология, химия оқушыларға онсыз да қиынға соғады. Ал өзге тілде оларды меңгеру, тіптен түсініспеушілікке әкеп соқпасына кім кепіл.

Магжан Ахмадина