Құқық қорғау органдары

Жыл басынан облыс орталығында 10-ға жуық металл гаражы ұрланды

Мәселен, жақында “Изюминка” дүкені ауданындағы темір гараж бен іргетас блоктарының қолды болғаны туралы полицияға бірнеше арыз түскен. Соның негізінде жедел іздестіру шарасы өткізіліп, қала ішінде қатынайтын барлық жүк көліктері тексерілді. Нәтижесінде Әуезов көшесі бойында екі күдікті ұсталды. Олар металл гараждарын құжаттарсыз тасымалдаған.

Күдікті:

– На улице Новаторной стоял гараж, заросший травой. Я его решил сдать на металл. Увидел своего друга, сказал, что это мой гараж. Попросил его помочь. Проходили мимо, стояла «воровайка». Попросили водителя, помочь отвезти этот гараж на металлобазу. Загрузили, поехали на металлобазу.
Новаторный көшесінде шөп басқан гараж тұрды. Мен оны металға тапсырам деп шештім. Бұл менің гаражым деп, досымды шақырып, көмек беруін өтіндім. Жолда келе жатып, үлкен жүк көлікті көрдік. Жүргізішіден осы дүниені металдар базасына апарып тастауын сұрадық. Жолда полицейлер ұстап алды.

Бұған дейін екі азамат сотталған болып шықты. Сонымен қатар, олар есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр екен. Қазіргі сәтте баукеспелердің басқа да ұрлыққатарға қатысы бар жоқтығы тексеріліп жатыр.

Ердәулет Өскенбай – Петропавл қаласы ІІБ жедел қызметкері:

– Гараж ұрлығын жасап жүрген екі тұрғын ұсталды. Бүгінгі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 180 бабы, 2 тармағы бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген гараждар өз иелеріне қайтарылды.

Жыл басынан облыс орталығында 10-ға жуық гараж ұрлығы тіркелген екен.

Тоғжан Ақмағамбетова