Білім

ҰБТ сүрінгендер, сынақты қайта тапсыруға өтініштер беріп жатыр

Мағжан Ахмадина- тілші:

– Талапкерлер негізгі 4 пән бойынша әдеттегідей, ҰБТ орталығының қадағалауымен сынаққа қатысатын болады. Емтиханды екінші мәрте тапсыруға ниет білдіргендер тамыздың 8-не дейін қабылдау комиссиясына келіп, өтініш жасай алады. Айта кетейік, биыл өңірде 2352 түлек ҰБТ қатысса, соның 488-і сынақтан сүрінген.

Күні кеше ғана М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау науқаны аяқталды. Жұмысын тоқтатпаған комиссия өкілдері бүгіндері кешенді тестілеуден өтуге ниет білдіргендердің өтініштерін қабылдап жатыр. Мұнда сынақты екінші мәрте тапсырамын деген түлектердің 80-ге жуығы өтініш жасапты. Ал тестілеудің өзі тамыздың 19-ы мен 24-і аралығында өтпек.

Гүлмира Оспанова- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:


–  Кешенді тестке ЕНТ өтпегендер, ЕНТ бермеген оқушылар қатыса алады. Кешенді тесті өтпегендер, мен оған мүлдем келмегендер қатыса алады. Осы тесттен де өте алмағандар шартты түрде бізге оқуға түседі. Кейін 1-ші семестрден соң олар кешенді тестті қайтадан тапсырады.

Түлектер тағы да сүрінбес үшін семестр бойы оқытушылар оларды кешенді тестілеуге даярлайды. Жалпы мұндай шаралардың барлығы жастарды көбірек жоғарғы біліммен қамту үшін жасалып жатыр.

Гүлмира Оспанова- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:


–  Бізде биыл тағы фаундейшн деген даярлық бөлім ашылып жатыр. Оған 40 грант берілген. Грантқа өткен оқушылар біздің университетте квота арқылы оқи алады.

Жалпы бүгіндері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 800-ден астам түлек тегін білім алуға өтініш берген. Айта кету керек, биыл ел бойынша 30 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінген екен. Жоғарғы оқу орнында құжаттар қабылдау науқаны 28-і тамызға дейін жүргізіледі.

Магжан Ахмадина