Әр түрлі

Темір жол саласында орын алған ауқымды жаңғырту жұмыстары өңірдің қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді

Енді сонау 1894 жылы аймағымыздан алғашқы «Русачек» поравозы жүрген уақыттан бастайық. Сол кезде бір ғана бағыт бойынша шағын ғана көлік қатынапты. Оның өзін басқару машинистерге қиынға соққан.

Эмиль Шафиков- Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі локомотив депосының мұражайын сақтаушы:


–  Мынау машинистерге көліктің жүрісін бәсеңдетуге көмектесетін кран болды. Ал толық поравозды тоқтату үшін қосымша 5 адам арнайы құрылғының көмегімен колодкаларды қысатын. Соның арқасында көлік тоқтайтын. Ол өте қиын жұмыс болды. Оның үстіне сол уақыттарда колодкалар ағаштан жасалатын. Ол қауіпті, жиі желініп, өрттер шығатын. Сондықтан алмастыру қажет болды.

Мұражайдың бірінші залында тағы 80 жыл бұрынғы, яғни өңірдің қалыптасу кезеңіндегі тарихи мәліметтер сақталған. Әрине сол кездерден бері көп уақыт өтті. Тиісінше, аралықтағы айырмашылық жермен көктей. Мамандар мұны аймағымыздың дамуымен байланыстырады.

Эмиль Шафиков- Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі локомотив депосының мұражайын сақтаушы:

– 1936 жылдар қуаттылығы жоғары поравоздар шыға бастады. Бағыттар саны көбейді. Автотежегіштер пайда болды. Жалпы темір жол саласында көптеген оң өзгерістер орын ала бастады. Барлық қондырғылар жетілдірілді. Қазіргі уақытты айтпаса да түсінікті. Дамыған заман болғандықтан, барлығы автоматтандырылып жатыр. Мұны өңірдің дамуы, тұтас еліміздің дамуымен байланыстыруға болады.

Мұражайдағы құнды жәдігерлердің жоғалып кетпеуіне темір жол саласына 36 жылын арнаған Эмиль Шафиков жауапты. 80 жастағы қария 10 жылдан бері мұндағы экспонаттарды көзінің қарашығындай сақтап келеді.

Магжан Ахмадина