Әр түрлі

Қала тұрғындары “Қарасай” стадионында жаттығу мүмкін емес дейді

Барлық спортшылардың жаттығулары арнайы құрылған кесте бойынша жүреді. Бірақ жеңіл атлетшілердің айтуынша көптеген тұрғындар оларға кедергі келтіреді.

Екатерина Шарапаева – жеңіл атлетші:


–  Көбіне кішкентай балғындар біз жаттығатын құмның үстінде отырып ойнайды. Ал бізге ол жерге секіру қажет.

Михаил Литвин – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Бізде жаттығулар сағат таңғы тоғыздан он екіге дейін жүреді. Бірақ 11 кезінде жасыл алаңда футболшыларда дайындыққа шығып, бізді стадионнан кетуімізді сұрайды. Бізге де солар секілді жарыстарға әзірлену қажет. Жаттығулар футболшылармен қатар өткенде дайындала алмаймыз. Өйткені тепкен доптар біздің жаққа ұшып келуі мүмкін. Кедергілерге тиіп құлатады. Жарақат алып қалуымыз әбден мүмкін.

Шыныменде тұрғындар бұл стадионға келіп денсаулықтарын шыңдайды. Тәжірибелі әуесқойлар спортшылардың жаттығуларына кедергі келтірмейміз, бос жолақта жүгіреміз дейді.

Максим Бурунов:


–  Мен салауатты өмір салтын күнделікті ұстанамын. Стадионға келудің өз тәртібі бар. Футбол алаңымен жүруге болмайды, жаттығу жасап жатқан спортшыларға кедергі келтірмеу керек. Ал одан басқа шектеу жоқ. Барлығы халықтың ыңғайына қарай жасалынған.

Негізі тәртіп бойынша стадионда роликпен немесе велосипедпен жүруге болмайды. Ол үшін жүгіру жолағынан бөлек жер бар. Ал бұл арнайы жабындының құны 16-17 млн теңге тұрады. 2009-2010-шы жылдары төселіпті. Алдағы уақытта стадионда бірқатар жөндеу жұмыстары жасалынбақ.

Виктор Лаврик – “Жеңіс” ОРБЖСМ директоры:


–  Біз алдағы уақытта стадионға жөндеу жасауды жоспарлап отырмыз. Бұнда барлық орындықтар жаңартылып, жүгіру жолағы мен футбол алаңы ауыстырылады. Оның үстіне трибуна астында киім ауыстыратын орын салынады. Дәретхана мен душ кабиналары жаңартылады. Сондай-ақ, қыркүйек айына дейін стадионға қарама-қарсы жерде “Денсаулық жолағын” жасаймыз. Онда тренажерлар мен жүгіруге арналған жол болады. Кез-келген адам келіп шыныға алады.

Жалпы “Қарасай” стадионы сағат таңғы алтыдан түнгі он бірге дейін жұмыс істейді. Спортшылардың жаттығуларына кедергі келтірмес үшін салауатты өмір салтын ұстанатын жандар мұнда кешкілік мезгілде келе алады.

 

Риат Шони