ТКШ

Петропавлда ПИК төрағаларына арналған 3 күндік семинар бастау алды

Сергей Худяков -СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы:

– Сондай-ақ, бұл жиында біз меншік иесі мен ПИК-ін басқарушылар арасындағы қатынасты реттейтін заңнама туралы, энергия үнемдеудің жоладарын және үй ішінде ұжым болып жұмыс істеудің амалдарын үйретеміз. Ал бастысы кооператив төрағаларына жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуге көмектесеміз. Өйткені кей тұрғындар оларға бағынбай, үйді аббатандыру жұмыстарына қатысудан бас тартып жатады.

Людмила Лазаренко «Шолпан» мен «Медеу» ПИК төрайымы. Оның қарамағында 140 және 80 пәтерлі 2 үй бар. Екеуі де Интернациональная көшесінде орналасқан. Қазір ол жерде қысқа дайындық шаралары жүргізілуде. Нәзікжандының айтуынша, үйді басқару қиынға соғады екен. Бірақ дәл осындай семинарлар тұрғындар тарапынан туындаған проблемалардың шешілуіне септеседі дейді.

Людмила Лазаренко – «Шолпан», «Медеу» ПИК төрайымы:

 

– 2015 жылы тұрғындар мені ПИК төрайымы етіп сайлады. Соның өзінде кей адамдар біздің жұмысымызға разы емес. Керек-жараққа барлығымыз қосылып ақша жинаймыз. Оны мен өзім үшін жиып жатқаным жоқ. Ол қаражат үйіміздің аббатандырылуына, қысқа дайындық жұмыстарына жұмсалуда. Барлығына жиі есеп беріп тұрамын. Дегенмен,тұрғындармен тіл табысу әлі де қиын. Осы мәселені шешудің жолдарын бүгінгі семинардан табамын деген ойдамын.

Бұл шеберлік сыныбы облыс орталығында 3 күнге жоспарланған. Келесі дәл осындай семинар тамыздың 22-сі мен 27-сі аралығында өткізілмек. Айта кеткен жөн, қазір облыс орталығында 300-ге жуық ПИК бар.

Айгерим Ержанова