ТКШ

Петропавл қаласынжа жыл басынан бері жалпы ұзындығы 32 мың 785 метр болатын су ағарлар тазартылды

Осы уақытқа дейін көктемгі тасқынның салдарын жойдық дейді мамандар. Сондай-ақ, Солнечный кентінде су тартумен айналысыпты.

Серік Мусин – Петропавл қаласы “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” КМК экологы:

– Біз Ойқала ауданындағы Потанин, Павлов, Смирнов, Чернышевской, Димиденко, Малышева көшелерінде 2 мың 864 метр болатын ашық су ағар кәріздерін тазарттық. Сонымен қатар дәл осындай жұмыстар Жұмысшы кентіндегі, Украинский, Панфилов көшелерінде де жүргізілді.

Мамандардың су ағарларды тазарттық дегені мынау. Жұмысшы кентіндегі Украинский мен Панфилов көшелерінде жол жиектерінде жауын суы әлі тұр. Су ағарлардың кейбірінде өскен шөп белден келеді. Оның үстіне қоқысқа да толып тұр. Бұл жердің тұрғындары шағымданғанмен бізге сұхбат беруден бас тартты. Жұмысшы кенті негізі батпақты жер. Бұдан бөлек “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Копай ауданында да іс тындыру қиындау дейді.

Серік Мусин – Петропавл қаласы “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” КМК экологы:

– Қаладағы Копай ауданында су тарту қиындау. Копай 613 “А” мекен жайы тұрғындарының өтініші бойынша қазіргі уақытта 32 мың 500 текше метр су тартылды. Ол жақтағы қиындық суды ығыстыратын орын жоқ. Сол себепті барлығын Жамбыл көшесіндегі су ағар коллекторына жіберу қажет.

Петропавл қаласында ұзындығы 33 шақырым болатын су ағар бар. Оны тазалумен 32 маман айналысады.

 

Риат Шони