Білім

“Мектепке жол” акциясы бастау алды

“Мектепке жол” акциясы бастау алып отырған білім ұясы бұл үшін 125 мың теңге жұмсапты. Мектеп директорының айтуынша биыл әлеуметтік аз қамтылған балаларға арналып жалпыға бірдей білім беру қорынан 2 млн 500 мың теңге бөлінген.

Бұлбұл Ахмадиқызы, Қазақ мектеп гимназиясының директоры:

– ОЛ қаржының басыма бөлігі тегін тамақ ішуге жұмсалады. Ал бір бөлігіне жазғы дагерлерде демалып қайтады.

Күләш Есенова бүгін немересімен келген. Жансезімді әкесі мен әжесі тәрбиелейді. Бүгінде оқушының тіктіретін киімі, оқу-құралдары бар. Оның барлығын сатып алу жалғыз басты әкеге оңайға соқпайды.

Күләш Есенова, ата-ана:

– Біз үшін үлкен көмек. Қазір барлығы қымбаттаған.

Қазақ мектеп-гимназиясында 1200-ге жуық оқушы бар. Оның 145-і көп балалы, толымсыз және аз қамтылған отбасынан шыққан. “Мектепке жол” акциясы тамыздың 31-де аяқталады.

Акбопе Танирберген