Мәдениет

Петропавлда облыстық “Сағындырған әндер-ай” атты ретро фестиваль өтті

Тайынша ауданының намысын қорғауға келген әнші Жанарбек Ескендіров болса, кешті Александр Градскийдің «Как молоды мы были» әнімен ашты.

Жалпы бұл күні өңіріміздің үздік вокалдық топтары мен әншілері 35-ке жуық туындыны орындады.Соның ішінде қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов, «Дос-Мұқасан», Ресей әншісі София Ротару, Мираж, Ялла топтарының репертуарларындағы орындалды.

Жанарбек Ескендіров – ҚР Мәдениет қайраткері , Тайынша ауданы:

– Мынау 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдары тамаша әндер болды. Әлі де айтылып жатыр. Жастар естісің, жастар көрсің, жастар осы әндерді ұмытпасың деп айтамыз.Осындай ретро фестиваль жыл сайын өте берсін.

Жастық шақтарын естеріне алғысы келген жерлестеріміз көптеп жиналды. Аға буын өкілдері кешке қатысқан әншілердің әрқайсысына қошемет көрсетіп, шырқалған әндеріне би билеп, көңіл көтерді.

– Осындай концерттер көбірек болсын деп есептеймін.Бізге арналған концертке жиі келіп тұрамын.Маған ұнайды.

– Мен осы ретро алаңға бірінші рет келіп тұрған жоқпын. Маған осы жерге келген өте ұнайды. Жастық шағымды бір есіме түсіріп, жасарып қаламын.

 

Тогжан Акмагамбетова