Әр түрлі

Облыс орталындағы Қызылжар оранжереясына 104 жыл

Равиль Рязапов – «Қызылжар оранжереясы» МКҚК бас агрономы:

–  Консерві зауытының ашылуына бірінші дүниежүзілік соғыс түрткі болды. Онымен бірге бүгінгі ботаникалық бақтың да тарихы басталған. Өдіріске керекті ингредиенттер осы оранжереяда өсірілді. Оның ішінде лавр жапырақтары, сарымсақ та бар. Бастапқыда оранжереяға Ильхам Курапов деген азамат 12 түп пальма, дәл осынша лавр өсімдіктерін әкеліпті.

Қазір Ильхам Кураповтың оранжереяға әкелген өсімдіктерінің бәрі сақталған. Олардың кейбірі 100 жасаған. Бүгінде олар аумағы 2 гектар жерді алып жатқан оранжереяның көркіне айналған.

–  Қазір Қызылжардың ботаикалық бағында әлемнің әр түкпірінен әкелінген 2 мыңнан астам өсімдік түрі бар. Оның дені 100 жылдық пальмалар. Мәселе, ұзындығы 25 метрді құрайтын мына құрма ағашының тұқымы қасиетті Мекке-Медине жерінен осыдан 3 ғасыр бұрын әкелініпті.

Жалпы мұндай ағаштар 1 мың жылға дейін өмір сүреді екен.

Равиль Рязапов – «Қызылжар оранжереясы» МКҚК бас агрономы:

– Менің арғы аталарымның бірі осыдан көп жыл бұрын қасиетті жерге табан тіреген. Мекке-мединеден ол пальманың тұқымын әкелді. Бастапқыда ол Батыс Сібірдің астанасы – Тобольскіде отырғызылды. Кейін Петропавл қаласы бой көтере бастаған кезде екінші Екатеринаның бұйрығымен пальма біздің жердегі мешітке жіберілді. Сол жерден біздің баққа әкелінді.

Ал мынау ағаш Тәуелсіздіктің құрдасы. Осыдан тура 25 жыл бұрын бұл пальманың тұқымын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті оранжереяға арнайы беріп жіберген. Оны бақ иелері бірден отырғызып, Президенттің атын беріпті. Бүгінде бұл өсімдікті тамашалауға халық көптеп жиналады. Солардың бірі міне, Семей жерінен келген қонақтар. Арасында 8 жасар Әмір де бар.

Әмір Жұматаев:


–  Петропавлға мен осымен екінші рет келіп отырмын. Осы жолы ботаникалық баққа отбасымызбен қыдырып келдік. Бұрын-соңды мынадай үлкен пальмалар көрмеп едім. Өте әдемі әрі ерекше екен. Енді достарыма Петропавлда да пальма ағаштарның өсетіндігін айтамын.

Айту керек, бұл оранжереядағы өсімдіктерді тамашалау үшін айына 1000-нан адам келеді.

Айгерим Ержанова