Құқық қорғау органдары

Жыл басынан облыс орталығында 140 велосипед ұрлығы тіркелді

Бір қызығы, барлық жайттар өзара ұқсас келген. Яғни, көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған шайтанарбаларды тапа-тал түстен белгісіз біреу мініп кетіп отырған. Бүгінде күдікті ұсталды. Ол – 28 жастағы қала тұрғыны.

 

– Отказываюсь я рассказывать, все в деле, читайте в деле.

– Сколько краж вы совершили?

– Шесть.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары жас жігіттің велосипедпен қатар, көліктің ұрлануына да қатысы бар екенін анықтап отыр. Ол қолды қылған заттарды кездейсоқ адамдарға арзан бағамен сатып жүрсе керек. Осы орайда полиция қызметкерлері тұрғындарға ұрланған заттарды сатып алғаны үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қайрат Қаражігітов – Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөлімінің тергеушісі:

– Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық колексінің 188 бабының 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Жыл басынан облыс орталығында 140 велосипед ұрлығы тіркелген. Соның 35 фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберіліпті.

 

Тогжан Акмагамбетова