Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жыл басынан Мамлют ауданына ОҚО-нан 11 отбасы қоныс аударған

Шаңырақта 7 бала бар. Оның бесеуі мектеп жасында. Қазір мына үйде уақытша тұрып жатыр. Тамыздың аяғында тұрақты баспанаға қол жеткізбек. Жергілікті биліктегілер әзірге жұбайларға отын түсіріп, ұн әкеліп көмектеспек.

Зұлқарнай Ерғашев, қоныс аударушы:

– Біз үкімет тарапынан берілетін алғашқы қолдау ақыны күтіп отырмыз. Балаларды мектепке дайындаймыз. Шаруашылықпен айналысқым келеді. Мал алсам деймін.

Малшаруашылығын дамытып, өз ісін ашқысы келтіндердің бірі Сырмановтар әулеті. Олар ОҚО-ның Ордабасы ауданынан сәуір айында алғашқылардың бірі болып көшіп келген. Мемлекеттен берілген алғашқы қаржыға бірнеше бұзау мен 30 шақты құс сатып алыпты. Үй маңындағы 30 соттық жерге көкөністер егеді. 6 баланың алды аяқтанып үлгерген.

Абсалы Сырманов, қоныс аударушы:

– Мемлекеттен 3 млн теңге алмақшымыз. түйе сатып алып, шұбат өндірумен айналысқым келеді.

Айту керек, селода бұрын соңды болмаған инновациялық жобаларды қолға алам деушілерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беріледі. Осына пайдаланған Сырмановтар әулеті 6 түйе сатып алмақшы. Жыл басынан Мамлют ауданына оңтүстік өңірлерден 11 отбасы көшіп келді. Оның 8-і осы Покровка селосына қоныстанған.

Нұрхан Бекеев, Пригород селолық округының әкімі, Мамлют ауданы:

– Отағасына 106 мың, өзге мүшелеріне 74 мыңнан қаржы берілді.

Жергілікті биліктің жоспарында Краснознамённое селосына жақында қоныстанған тағы екі тұрғынды жұмыспен қамту бар.

 

Акбопе Танирберген