Әр түрлі

Рощин ауылдық округінде облыстағы алғашқы мал дәрігерлік пункт ашылды

Нысанды іске қосу үшін 1,5 млн теңге жұмсалған. Барлық қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Жаңа мал дәрігерлік пункт барлық керек-жарақтармен қамтылған.

Берік Әлжанов – СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:


–  Алда әлі Мамлют, Есіл, М.Жұмабаев және Аққайың ауданында дәл осындай пункт ашылады. Ол үшін облыстық бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінді.

Қазір мұнда екі мал дәрігері еңбек етеді. Жалпы Рощин ауылдық округіне үш елді мекен қарайды. Олар – Белое, Пеньково және Березовка ауылдары. Енді жергілікті тұрғындар өздерінің төрт-түліктеріне вакцинация жасату үшін жаңа мал дәрігерлік қосынға алып келеді.

Мадина Мусенова – Рощин ауылдық округінің мал дәрігері, Қызылжар ауданы:

– Бұл пунктің ашылуы біздің жұмысты біршама жеңілдете түседі. Енді тұрғындар малдарына екпе жасатуға осында әкеледі.

Жалпы Рощин ауылдық округінде бүгінде 777 ірі қара мал, 508 шошқа, 687 қой мен 150 бас жылқы бар. Малды уақытылы тексертіп, түрлі ауруларға қарсы ектіріп отырудың маңызды екенін жергілікті тұрғындар жақсы түсінеді.

 

 

Риат Шони