Балалар

“Серябряный бор” лагері екінші демалыс маусымын ашты

Олар бұл демалыс орнында бұрын-соңды болмаған. Жазғы уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін балалар дәл осы орынды таңдапты. Аз уақыт ішінде бауырлар мұнда достар тауып, жаңа ортаға сіңісіп те үлгерген. Тіпті, түрлі сайыстарға да қатысуда.

Дәулет Серік – демалушы:


–  Лагерь ұнады. Табиғаты өте әсем. Ауасы таза. Бірінші күннен бастап ойындар ойнадық. Енді қазір өзімізде топ болып концерттер ұйымдастырамыз.

Қазір лагерьде екінші демалыс маусымы өтуде. Осыған орай мұндағы жетекшілер мен тәрбиешілер демалушылар арасында “Тәуелсіздік-тірегім” атты патриоттық әндер байқауын ұйымдастырған.

13 жасар Ақбота Сүлеймен сайысқа Әлия Әбілжанның “Қайсар қазақ” әнін таңдапты. Шығарма сонау 86-шы жылдардағы жастардың Тәуелсіздікті аңсауы туралы. Дәл осы ән арқылы өнерпаз егемендік жолында құрбан болған азаматтарға тағзым етпек.

Ақбота Сүлеймен – байқауға қатысушы:


– Мен лагерьде бірнші рет демалып жатырмын. Өзіме ұнады. Жаңа достар таптым.

Жалпы бұл шараға 2-ші кезеңде демалып жатқан барлық 73 бала қатысуда. Үздік өнер көрсеткендер марапатқа ие болмақ.

Татьяна Шох – “Серебряный бор” лагері директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:


–  Бұл маусымды біз “Жұлдызды жаз” деп атадық. Сол себепті, балалар лагерьге келген күннен бастап олардың бойында қандай өнер бар екендігін анықтап алдық. Өйткені, мұнда балаларға арналған 7 түрлі үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде спорт, музыка, қолөнер де бар.

Жалпы биыл “Серебряный бор” лагерінде 6 мен 16 жас аралығындағы 350 бала демалады деп жоспарланған.

Айгерим Ержанова