Құқық қорғау органдары

СҚО-да “Қару” жедел-профилактикалық шарасы өтуде

Жомарт Абылаев – Петропавл қ. ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Акцияның мақсаты – қарулардың құжатын тексеру, қаншалықты талапқа сай екендігін анықтау.

Сондай-ақ, полицейлер қару айналымы саласында 77 заң бұзушылықты анықтаған. Негізінен қару иелері сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады екен. Акция аясында мұндай 60 факт анықталған. Ал қаруды тіркеу және қайта тіркеу тәртібін бұзудың 15 фактісі анықталған.

Жомарт Абылаев – Петропавл қ. ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Қазірге дейін заңбұзушылыққа жол берген 20-дан артық азамат анықталды. Олар қару сақтаудағы ережелерді орындамаған.

«Қару» операциясы шілденің 31-і күні аяқталады. Деседе, учаскелік полиция инспекторларының қару мен оқ-дәрілердің заңсыз сақталу фактілерін анықтау жөніндегі күн сайынғы жұмыстары тұрақты түрде жалғаса бермек.

 

Акбопе Танирберген