Энергетика

Биыл Петропавл № 2 жылу электр орталығына қуаттылығы 541 мегаВаттқа дейін артады

Бұрын қазандықтың қуаттылығы 260 мегаВатт болатын. Енді қазан айынан бастап агрегаттың күші 325-ке дейін жетпек. Осы арқылы біз жанатын көмірді үнемдейміз.

Ал, мына жерден 8-ші қазандық бақыланады. Мұнда барлық жұмыс автоматты түрде жүргізіледі. Енді осы жылдың соңында 12-ші агрегат та осы жерден басқарылмақ. Кейін, орталық директоры Виктор Бармин тілшілер қауымына құрылысы жүріп жатқан 5-ші турбинаны таныстырды. Әзірге қондырғының қаңқасы құрастыруылуда. Биыл іске қосылатын қазандық келешекте 100 мегаВаттық қуат беретін болады.

Виктор Бармин – “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО директоры:

– Қазіргі уақытта орталықтағы 3 қазандыққа жөндеу жасалуда. Олардағы ескі қондырғыларды жаңасына алмастырып жатырмыз. Бұл іске кәсіпорыннан 6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Барлық агрегаттар қазан айына дейін дайын болады. Бұрын біздің кәсіпорын сағатына 430 мегаВатт қуат беретін. Енді жаңа қазандықтар іске қосылғаннан кейін орталықтың қуаттылығы 541 мегаВаттқа дейін артады.

Өткен жылы “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ мен СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті арасында жылу тарифын 5 жылға өсіру туралы келісім бекітілген екен. Яғни, осы мерзім аралығында жылу құны әр жыл сайын тек 8 пайызға ғана көтерілуі тиіс. Ал, одан артық тариф бағасы артпайды. Нәижесінде бұдан түскен ақша орталықтағы жөндеу жұмыстарына бағытталмақ.

Арман Өтегенов – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

– Тарифтар арқылы келетін қаржы инвестициялық бағдарламаға бөлінеді. Біз мұны бекіттік. Барлық сома 4,5 жарым млрд теңге болды. Осы жылы бағдарламаға 650 миллион теңге бөлінеді.

Айта кетейік, Петропавл №2 жылу электр орталығының жұмыс істеп тұрғанына биыл желтоқсан айында 55 жыл толады.

 

Култанов Байболат