Көлік және жолдар

2016 жылы СҚО-сы аумағындағы жолдарды жөндеуге барлық қаржыландыру көздерінен 6,1 млрд теңге бөлінді

Бейбіт Исманов – СҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасның басшысы:

 

– Осы қаражатқа облыстық маңыздағы “Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалова” бағытындағы 11,7 шақырым жол жаңғыртылады. Ондағы ескі жолдың құрылысына салқын ресайкілеу әдісін қолданудамыз яғни ескі асфалтты үгітіп, қайта кәдеге жаратамыз. Сондай-ақ, Тайынша маңындағы көпір мен Есіл ауданындағы Рощинское-Волошинка жолдарындағы су өткізгіш құбырлар күрделі жөндеуден өткізілмек.

Төрт аудандағы жолдардың 43 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. Олар Антоновка-Лавровка-Горное, Булаево-Возвышенка, Сергеевка-Тимирязева және Смирново-Қиялы бағытындағы автомобиль жолдары. Биыл осы саланың мамандары 46 шақырымға салқын ресайкілеу әдісі қолданып, жоспарлы   жұмыстың ауқымын 48 пайызға арттыруға мүмкіндік алды. Яғни, биыл 46 киллометр салқын ресайкілеу әдісі бойынша орташа жөндеуден өтпек. Бұл мақсатқа 1 млрд 481 млн теңге жұмсалмақшы. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жергілікті қазыналардан көктемде қызыл су шайып кеткен жол учаскелерін қалыпқа келтіруге де қаражат қарастырылыпты.

Бейбіт Исманов – СҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасның басшысы:

– Биыл 1 млрд 324 млн теңге көктемгі тасқын судың әсерінен шайылып кеткен жолдар мен құбырларды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Петропавл қаласындағы Былғары зауыты ауданындағы дамба жөнделеді. Сондай-ақ, облыстық маңыздағы 98 шақырым жолға орташа жөндеу жүргіеміз. Донецкое селосы маңындағы су өткізгіш құбырды қалыпқа келтіреміз.

Жалпылама алғанда, 2016 жылға облыстық және аудандық автожолдарды қалыпқа келлтіруге барлық қаржыландыру көздерінен 6 млрд 100 млн теңгеге бөлiндi. Бұл сома өткен жылғыдан 18 пайызға артық. Осыншама қомақты сомаға облыс аумағындағы 385 шақырым жол жөнделетін болды.

Берік Қасен