Мәдениет

Жерлес ақын Марал Зейнел-Ғабиқызы 65 жасқа толды

Бүгінде газет беттерінде оның түрлі тақырыпта қалам тербеген мақалаларын да кездестіруге болады. Бала кезден әдебиетке жақын болған ол алғашқы өлең жолдарын өңіріміздің әсем табиғатына арнапты. Осылайша, жерлесіміз 2002 жылы «Қызылжарым» атты алғашқы өлең жинағын шығарған екен.

Марал Оспанова – ҚР Жазушылар Одағының мүшесі:

– Бұл талант маған әкемнен дарыған. Алғашқы өлеңімнің аты “Көктем” деп аталған. Онда мен туған жерімнің, аулымның табиғаты туралы суреттеген едім. Кейін оны “Жалын” журналына жіберіп, ол басылып шыққан. Кейін еңбегімді жинақтап кітап қылып шығардым.

Ақынның шығармашылығын өскелең ұрпақ та жақсы біледі.

Бүгінде ақын Марал Зейнел-Ғабиқызының 5 кітабі жарыққа шыққан. Оның дені туған жерге арналыпты. Бұл еңбектермен аға буын өкілдері де танысып үлгерген.

Жұмаш Сейітбеков:

– Маралдың “Сырлы сезім” атты кітабын басынан аяғына дейін оқып шықтым. Өте керемет жазылған. Сөз мәйегі керемет. Жас ұрпақ Маралдың шығармашылығымен танысулары қажет. Өлеңдерінңң тәрбиелік мәні зор.

Қазір Марал апай зейнетте. Ол өмірлік серігі Абай Оспановпен бірге 2 ұлдан 4 немере сүйіп отырған бақытты ата мен әже.

 

Айгерим Ержанова