Білім

“Нұр Отан” партиясының қалалық филиалында “Білім беру” бағыты жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Дулат Тайшабай – Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы:

– Биыл “Балауса” балбақшасының меңгерушісі Балғын Мусина қылмыстық құқықбұзушылық жасап, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызметтік бабын пайдаланып, ауызша келісім арқылы тәрбиешінің көмекшісі мен мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджерді жұмысқа алған. Онымен қоймай, мемлекет қаржысын жымқыру үшін жымысқы айлалар ойлап тауып, қызметкерлеріне жалақыны бекітілген мөлшерден көп төлеген. Осылайша, қызметкерлерінің артық ақшасын өзіне алмақшы болған.

Осы күні жемқорлық фактілерін болдырмау амалдары қарастырылып, білім саласының басы-қасында жүрген адамдарға оқыту семинарлары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, тұрғындардың шағымын ескеру мақсатында “Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филиалында қоғамдық қабылдаулар өткізіліп тұрады.

Амангелді Сатанов – “Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филиалының консультанты:

– Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауында азаматтардан 248 өтініш түсті. Соның 14-і білім саласына қатысты. Көп ата-ана балаларын балабақшаға орналастыра алмай жүр.

Петропавлдықтар көкейдегі сұрақтарын тікелей қалалық білім бөлімінің жетекшісіне қоя алады. Ол үшін қоғамдық қабылдауға келу керек. Жыл басынан бері Гүлмира Каримова 5 қабылдау өткізіп, 4 адамның ұсынысын тыңдапты.

Берік Қасен