Балалар

Петропавлдағы 30-дан аса үй жағдайында білім алатын науқас бала онлай режимінде оқытылады

Татьяна Пипус – ата-ана:

– Біз осындай тренинг-сабаққа екінші рет қатысып тұрмыз. Мұндай жиынның менің ұлым үшін пайдасы зор. Олар осы жерде жаңа достар тапты. Балалар мұнда бір-бірімен жақсы араласады. Ойнап-күледі.

Бүгінгі тренинг-сабақ мүгедек балалар мен ата-аналардың қатысуымен басталды. Оларға психолог маман түрлі кезеңдерден тұратын ойын өткізді. Бірінші сайыста жеткіншектер бір-бірімен танысты.

Екінші сайыста қатысушылар шығармашылықтарын сынға салды. Мұнда жеткіншектер ән салып, арт-терапиялық ойындар ойнады. Ал, соңғысында балғындар өзара тренинг- сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Ғалия Баязитова – психолог:

– Менің ойымша бүгінгі тренинг сабақтың маңызы зор. Балалар осындай жиындар арқылы бір-бірене жақын бола түседі.

Бұдан басқа “АРДОС-Жүрек” мүгедектердің бірлесті биыл үй жағдайында білім алатын жарымжан балаларды онлайн режимінде оқытуды жоспарлап отыр. Олар осы жылдың сәуір айында Тұңғыш Президент қорына аталған жобаны ұсынып, 2 млн теңгеге жуық грант жеңіп алыпты.

Ақжан Кәрім, “АРДОС-Жүрек” мүгедектердің бірлестігі” ЗТБ директоры:

– Бұл еліміз бойынша алғашқы жоба болғалы тұр. Үй жағдайында білім алатын жарымжан балаларды онлайн тәртібінде оқыту маңызды. Өйткені, мұғалім науқастың үйіне барып жатпайды. Қазір біз мектептермен келіссөздер жүргізудеміз. Бізді облыстық білім басқармасы қолдады. Енді алдағы қыркүйек айында жаңа жоба іске қосылмақ. Әзірге, қаламыздағы мүгедек балаларды үй жағдайында онлайн режимінде оқытамыз.

Жалпы бүгінгі күні өңірде 100-ге жуық үй жағдайында білім алатын мүгедек бала бар. Ал, олардың саны Петропавлда 30-дан асады.

 

Култанов Байболат