Құқық қорғау органдары

Өңірде жыл басынан бері 13 адам суға кеткен

Вадим Вязьмин:

– Бүгін балық аулауға келдік. Суға түсейік десек күн салқын. Шомылу ережесін білемін. Маған ата-анам ылғи терең суға түспе, жағажайда белгіленген аймақтан аспа деп айтып отырады.

Қазіргі уақытта қалалық жағажайда сақтық шаралары күшейтілген. Мұнда облыстық ТЖД мамандары түскі 11-ден кешкі 21:00-ға дейін кезекшілік атқарады. Василий Щеголевтың құтқарушы болып қызмет еткеніне 1 жылға жуықтаған. Осы уақыт ішінде азамат бірнеше адамды суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған.

Василий Щеголев – СҚО ТЖД суда құтқару жасағының құтқарушысы:

– Адамдар жағажайға көбінесе ыстық күндері келеді. Олардың кейбірі сақтық шараларын мүлде сақтамайды. Белгіленген аймақтан асып шомылады. Күніне 3-4 адамды құтқарған сәттер де болды. Осыдан бірнеше апта бұрын мен 2 ер азаматты аман алып қалдым.

Дегенмен де өңірде суға батып ажал құшқандардың саны азаймай тұр. Жыл басынан бері облыс бойынша 13 адам су құрбаны болған. Өкініштісі, оның 5-еуі бала. Көп жағдайларда қаза болғандар белгіленбеген жерге суға түскен, арнайы киімдерсіз балық аулапты.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының жетекші-құтқарушысы:

– Қазір өңірдегі жағажайларда құтқарушылардың санын арттырдық. Бүгінде демалыс орындарында 60 маман қызмет етуде. Олар 12 автокөлік және арнайы құтқару құралдарымен жабдықталған. Құтқарушылар шомылу маусымы ашылғалы бері 32 адамды суға батып жатқан жерінен аман алып қалды. Оның 12-сі – бала. Және 25 тұрғынға алғашқы медециналық көмек көрсеткен.

Шомылу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажет екенін ескертеді.

Култанов Байболат