Құқық қорғау органдары

Өңірде 3 күннің ішінде жолда жүру ережесін бұзудың 735 фактісі тіркелген

– В чем прикол: я ей не управлял и она мне досталась по доверенности.

– А вы в такси работаете, да?

– Нет, в такси уже не работаю, полтора года как.

– Ну у вас же шашка!

– Нет, эту шашку я выкупил.

– Нет, вы на машине ездите?

– Я никогда на ней не езжу! Я лишенный.

– Сколько выпили сегодня?

– Я выпил… Ну если по чесноку – где-то около 0,5 водки.

Жүргізілген сараптама қорытындысында рөлге отырған адамның мас екендігі расталғаннан кейін көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция бастығының орынбасары:

– Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші бұдан бұрын мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Енді ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатын болады.

Сондай-ақ, Жамбыл көшесі бойында 24 жастағы жігіттің көлікті құжатсыз басқару фактісі де әшкереленді. Енді ол 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Жалпы “Қауіпсіз жол” шарасы барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 735 фактісі анықталды. Оның ішінде 47 жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны үшін, 140-ның қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін және 97-сі көлікті жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Айсулу Сергали