Мәдениет

Фотожурналист Александр Коротков облыстың 80 жылдыға арнап альбом шығарды

Александр Коротков – фотожурналист:

– Облыстың 80 жылдығына арнап альбом басып шығаруды баяғыдан жоспарлап жүргенмін. Бұнда, әрине жеке мұрағатымдағы суреттердің барлығын енгізе алмадым. Бірақ, өңіріміздің басты байлығы – ауылшаруашылығы саласын толығымен қамтыдым. Сонымен қатар, облыстың көрікті жерлері, табиғаты бар. Фотосуреттердің алғашқы легін «Киев-17» фотоаппаратына түсіргенмін.

Альбомға енген суреттерге қарап облысымыздың қалай өзгергендігін, қандай қиын-қыстау шақтарды бастан өткергендігін көруге болады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ елінің көркеюуі басынан аяғына дейін бейнеленген. Тіпті, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы лауазымында болған кезінде өңірімізге іс-сапарымен келген шақтар да бар.

Александр Коротков – фотожурналист:

– 1989 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы облысымызға іс-сапармен келген болатын. Ол кезде сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жүріп жатқан. Қазіргі облыстық мәслихат орналасқан жер бұрын Коммунистік партия Орталық комитетінің ғимараты болған еді. Лауазымды тұлғаның қасына жақындау қиын болған жоқ. Дегенмен де, этиканы сақтап, суретке түсіріп үлгердім.

Александр Коротков альбомды жинауға 1,5 жыл уақытын сарп еткен. Өзінің мұрағатынан мыңдаған фотосуреттерден ең таңдаулыларын ғана алу қиынға соғыпты. Бірақ, тарих толқынын толғымен қамтыған. Бұдан басқа фотожурналистің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған альбомдары бар. Ал алдағы уақытта ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап тағы бір туындыны жарыққа шығармақ.

 

Риат Шони