Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары тұрғындарды қабылдады

Мәри Ілиясова – еңбек ардагері, Ақжар ауданы:

– Маған 1 бөлмелі үй керек. Дәретханасы мен ваннасы ішінде болса өте жақсы. Қыста қазіргі үйімді жылыта алмаймын. 

Және Мәри Ілиясованың соңғы уақытта денсаулығы нашарлаған, аяғының буындары сырқырайды. Ал, әжейдің емдеу сауықтыру орнына баратын мүмкіндігі жоқ. Ақ жаулықты ананың бұйымтайын мұқият тыңдаған Артур Молдағұлов жерлесімізге көмек қолын созуға уәде берді.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазір Талшықта 18 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Мен Ақжар ауданы әкімімен хабарласып өзіңізге 1 бөлмелі баспана беруді сұраймын. Ал, сізді емдеу сауықтыру орнына міндетті түрде жібереміз. Еліміздің Павлодар не болмаса Қостанай қаласына барып, денсаулығыңызды жақсартасыз.

Валентина Новиженная – Болатбаев көшесіндегі 4-ші үйдің ПИК төрайымы. Нәзік жандының айтуынша 430 пәтерлі баспананың ауласын көктемде су басады екен. Сондықтан, ол үйдің жан-жағына тас төсеп, балалар ойнайтын алаң тұрғызуды сұрайды.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз бұл сұрақты қаланы көркейтуге бөлінген қаражат есебімен шешуге тырысамыз. Қалалық мәслихат сессиясында сіздің сауалыңыз мұқият қаралады. Кейін жергілікті қазынадан ақша бөліп үйдің маңына тас төсеп, балалар алаңын тұрғызамыз.

Ал, Евгения Анатольевнаның жұбайы қазір түзету мекемесінде жазасын өтеуде. Ол 2012 жылы 11 жылға сотталған. Бірақ, зайыбы соттың шығарған үкімімен келіспейді. Сондықтан, нәзік жанды еліміздің бас прокурорымен кездесуді сұрайды. Артур Молдағұлов бұл сұрақтың да жауапсыз қалмайтынына уәде етті.

Култанов Байболат