Қайырымдылық

Петропавлда “Мен-мейірімділік” атты қайырымдылық акциясы бастау алды

Екатерина Андреева – “Облыстық ата-аналар мен бала жастан бергі мүгедек балалар” ҚБ төрайымы:

– Орталықты біз жыл соңына дейін ашамыз деген үміттеміз. Ғимарат дайын. Бірақ әлі бірнеше кабинетке құрал-жабдықтар орнату қажет. Сенсорлы бөлмені де жарақтандыруымыз керек. Сол себепті біз қазір қайырымдылық шараларын өткіземіз. Бір айға жуық флешмобтар мен жәрмеңкелер ұйымдастырамыз.

«Мен-мейірімділік» акциясының жүзеге асуына өңір жастары белсенді ат салысуда. Мәселен, бүгінгі жиынға 30-дан астам ерікті келіпті. Солардың бірі – Айнұр Серік. Ару қайырымдылық жұмыстарымен 3 жылға жуық айналысады екен.

Айнұр Серік – Америкалық халықаралық білім беру жөніндегі кеңестің өңірлік өкілі:

– Еріктілер қатарына 16 жасқа толған кез келген азамат қосыла алады. Бастысы мейірімді жан болуы қажет.

Қазір шаһарда мүмкіндігі шектеулі 600-ден астам бала бар. Оның 20-сы облыстық ата-аналар мен бала жастан бергі мүгедек балалар ұйымына тіркелген.

Наталья Сапченко – ата-ана:

– Былтыр аталмыш ұйым өткізген қайырымдылық шараларының арқасында аутизм ауруына шалдыққан 8 жасар балама екі қабатты ортопедиялық кереует сыйланған еді. Бұл біздің арманымыз ғана болатын. Енді міне жақында оңалту орталығы ашылса тіптен керемет болар еді. Өйткені балаларының дамуында кемістігі бар ата-аналар басқа қалаларға барып, бүлдіршіндерінің еміне қаншама қаражат жұмсайды ғой.

Айту керек, аталмыш шара тамыз айының 30-на дейін жалғаспақ.

 

Айгерим Ержанова