Спорт

Осы аптаның соңында “Petrocup-2016” турнирі басталады

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– “PetroСup-2016” турнирі бұл “PetroСup-2015” жарысының жалғасы болып табылады. Өткен маусым сәтті өткен болатын. Биылда жоғары деңгейле ұйымдастырылады деген сенімдемін.

Қуантарлығы, бір жылдың ішінде «Жас Отан» жастар қанатының бастауымен ұйымдастырылған турнирге қатысушы командалардың қатары жаңарып келеді. Биылғы маусымға тыңнан 13 құрама қосылған. Бүгін олар жеребе тарту рәсімін ұйымдастырып, өздерінің қарсыластарын анықтады. Қатысушы 27 команда 7 топқа бөлінген. Бұдан 16 үздігі плей офф сынына шығып, ары қарай жарысты жалғастыратын болады. Осы жолғы маусымда өз бақтарын алғаш рет сынағалы отырған – “Журналистер” командасы. Жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша олар “Е” тобына түсті.

Ербақыт Амантай – “Журналистер” командасының капитаны:

– Біз бұл турнирге алғаш қатысып отырмыз. Бірақ, тілшілер бірінші рет футбол ойнап отырған жоқ. Бұған дейін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы турнирге екі рет қатысқанбыз.

Жалпы “PetroСup” турнирі шілде мен тамыз аралғында өтпек. Ойындар С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда, Жеңіс саябағы мен №4-ші орта мектеп алаңдарында ұйымдастырылады.

 

Риат Шони