Әр түрлі

Өңіріміздің аспанынан мұнарланған тұман кетер емес

Зоя Шабанова – “Қазгидромет” РММ СҚОФ химиялық-техникалық бақылаушысы:

– Біз ауадан сынаманы мынандай қондырғылар арқылы аламыз. Кейін ауа құбырішектен өтіп осында жиналады. Әзірге, атмосфераның ластануы байқалмайды.

Сонымен қатар, мұнда мамандар желдің жылдамдығын, ауаның ылғалдылығы мен жауын-шашының түсу мөлшерін өлшейді.

– Дегенмен де міне неше аптадан бері қаламыздың аспанын көк түтін торлады. Мұны мамандар табиғат құбылысы дейді. Осындай ауа райында адамдар тек 10 шақырым жерді көре алады екен. Ал, одан арғы қашықтық мүлде көрінбейді.

Бұл – түтін тұманның мұнарланған түрі, табиғатта сирек кездеседі екен. Яғни, ол соншалықты қалың емес. Мұндай өзгеріс жауын-шашын шамадан көп түсіп, ауа ылғалдылы 70-95% пайызға жеткенде болады екен. Айта кетейік, аталған құбылыстың адамның денсаулығына еш зияны жоқ.

Зарина Кенжебаева – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалының инженер-метрологы:

– Мұнарлы тұманды атмосфераның ластануымен шатастыруға болмайды. Ауаның бүлінуі ол қоқыстардан, ірі зауыттардың зиянды қалдықтарынан, орман өрті кезінде болады. Ал мына құбылыс адам өміріне ешқандай қауіп төндірмейді. Біздің мамандар мұндай жайттан кейін ауаның ластануын байқаған жоқ.

Табиғаттың сирек кездестін құбылысын тұрғындар да байқапты. Олардың көбі жақын маңнан өрт шықты деп болжаған.

– Мен алыстан тұманды байқадым. Кейін оны маған таныстарым Ресейде өрт оқиғасы болды. Содан келген түтін деп айтты.

– Иа, соңғы уақытта қаламыздың аспанында көк түтін пайда болды. Бір жерде өрт болған шығар.

– 9-шы қабаттан қарасаң Жұмысшы кенті көрінбейді. Қазір кішкене жел болып тұманды таратқан сияқты.

Көкшіл тұманның жақын маңда тарайтын түрі жоқ. Себебі соңғы 3 күнде өңір аумағында жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда найзағай ойнайды дейді мамандар.

 

Култанов Байболат