Спорт

Бүгін жасөспірімдер арасында жазғы биатлоннан ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталады

Анастасия Паньшина – жарысқа қатысушы, ШҚО:

– Әрине, сайыстан жақсы нәтижелер күтемін. Петропавлдағы жарысқа 2 жыл қатарынан қатысудамын. Былтыр жүлделі орын алғанмын.

Дегенмен де ол 1 шақырым жолды жүгіріп өтіп, пневматикалық мылтықпен атқанда нысанадан мүлт кетті. Енді Анастасия Паньшинаға әр қателігі үшін 75 метрлік айып шеңберінен жүгіруге тура келеді.

Жалпы үшкүндік сайыста өңір намысын 30-ға жуық биатлоншы қорғауда.

Сергей Глуховский – СҚО бойынша биатлон федерациясының президенті:

– Аралық жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттадық. Әзірге, 1047 ұпай көрсеткішімен Ақмола облысының спортшылары көш бастап тұр. Екінші орында шығысқазақстандықтар болса, солтүстікқазақстандықтар үшінші орында келе жатыр. Бұл нәтиже жарыс қорытындысы бойынша әлі өзгеруі мүмкін.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және медальмен марапатталады.

Тогжан Акмагамбетова