Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жергілікті 6 кәсіпорнның өнімі Кедендік одақтың техникалық регламентіне сай болмай шықты

Юлия Кудина – «Молпродукт» ЖШС зертханашысы:

– Біз алдымен сүт әкелушіден арнайы анықтаманың бар жоқтығын тексереміз. Кейін сынама алып, ақтың майлылығын, қышқылдығының деңгейін анықтаймыз. Бұл шамамен 2 минут уақытты алады. Бұдан соң оң нәтиже көрсеткен өнімді әрі қарайғы өндіріске жібереміз.

Осыдан 3 жыл бұрын Кедендік одақ сүт сапасына қатысты талаптарды күшейткен болатын. Оның ішінде тауардың қаптамасы да регламентке сай болуы тиіс. Егер де өнім ережеге сәйкес таңбаланбаса,яғни өндіруші кәсіпорының атауы, мекен-жайы мен тауар жайлы ақпараттары болмаса онда ол бірден жарамсыз тауарлар реестіріне тіркеледі. Мәселен, жыл басынан өңірде бұл тізімге жергілікті сүт зауыттарының 6-ы іліккен.

Наталья Беляева – СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментiнің бөлім басшысы:

– Бүгінде біздің өңірде сүт өндірісімен айналысатын 18 кәсіпорын бар. Ағымдағы жылдың 6 айында оның 6-уының өнімі Кедендік одақтың техникалық регламентіне сай болмай шықты. Олардың дені қаптаманың дұрыс рәсімделмегендігінен. Ал бактериялогиялық бұзушылық өңірде биыл тіркелген жоқ.

Енді зауыт иелері жақын арада бұл олқылықтарды жоймаса, 200 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін айыппұл өтеулері мүмкін.

 

Айгерим Ержанова