ТКШ

Петропавлдағы 11 денсаулық сақтау мекемесі қысқа толығымен дайын

Қыдырман Қоқышев – 3-ші қалалық емхана бас дәрігерінің әкімшілік шаруашылық жөніндегі орынбасары:

– Жылыту жүйелерірің беріктігін арнайы қысыммен тексереміз. Монометрлердің барлығы бақылаудан өтті. Қысқа нысан дайын.

№3-ші қалалық емхананың жертөлесіндегі мына жылу құрылғыларының барлығы жаңа. Мәселен, мына аппараттың көмегімен мамандар ғимарат ішіндегі ауа температурасын қалыпты нормада ұстайды.

Қыдырман Қоқышев – 3-ші қалалық емхана бас дәрігерінің әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары:

– Бұл аппараттың көмегімен сыртқы ауа температурасына сай ғимарат ішіндегі температураны артыруға болады. Суық күндері мамандар нысанды осы құрылғы көмегімен жылытады.

Жалпы, №3-інші қалалық емхана қысқа дайындығын растайтын құжатын 30-маусым күні алған.
Ал, қазіргі күні өңірдегі 14 денсаулық сақтау мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске жергілікті қазынадан 289 млн, ал республикалық бюджеттен “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында 261 миллион теңге бөлінген.

Мәриям Бапанова – СҚО денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары:

– Денсаулық сақтау мекемелеріне жөндеу жұмыстары үшін бөлінген қаражат толығымен игеріледі. Бүгінде Петропавл қаласында 23 емдеу орны бар. Қазір олардың 11-і қысқа дайындығын растайтын құжаттарын алды. Қалғандары да күзге дейін әзір болады.

Сондай-ақ, биыл облыс бойынша емдеу мекемелеріне жылыту маусымына арналып 25 жарым мың тонна көмір сатып алынбақ. Бүгінде өңірде барлығы 607 денсаулық сақтау нысаны бар екен.

 

Култанов Байболат