Әр түрлі

Петропавлда “Менің сүйікті отбасым” атты жаңа байқау өтпек

Галина Бондаренко – “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының президенті:

– Бұл жобаға күзде отау құратын кез-келген жұп қатыса алады. Жалпы, байқау 20-күн шамасында өтеді. Сайыс барысында жас жұбайлармен психолог мамандар жұмыс істейді. Осындай шара арқылы жұптар бір-біріне жақын болып, болашақ отбасылық өмірде туындайтын қиындықтарды жеңуді үйренеді.

Қаламызда “Менің сүйікті отбасым” атты жаңа байқау тамыз айының 15-і күні бастау алады. Әзірге конкурсқа қатысуға ешбір жұп өтініш білдірмепті. Жобада болашақ ерлі-зайыптыларды қандай сын күтіп тұрғаны әзірге құпия. Тек жас жұбайлардың 12 түрлі сайыста бақтарын сынайтына белгілі.

Галина Бондаренко – “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының президенті:

– Байқауда түрлі сайыстар болады. Олардың қиындық деңгейлері әртүрлі. Бірақ біздің қатысушылар үшін барлығы қызықты болары анық. Мен осы сәтті пайдалана отыра біздер үшін демеушілердің қолдау көрсетуін сұраймын. Болашақта аталған конкурсты жиі өткіземіз.

Айта кетейік, “Менің сүйікті отбасым” атты байқауды көрермендер “Қазақстан-Петропавл” арнасы және әлеуметтік желілер арқылы тамашалай алады. Бұл жоба қыркүйек айының 8-і күні аяқталмақ. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталаады. Ал, жеңімпаз жұптың үйлену тойы өтетін мейрамхана тегін безендіріледі.

 

Култанов Байболат