Құқық қорғау органдары

Демалыс күндері өңір полицейлері күшейтілген тәртіпте қызмет етті

Сондай-ақ, полицейлер демалыс күндері 12 мотоциклдің алтауын айып тұрағына жіберіпті. Олардың иелерінде мотобайкты жүргізу құқығы болмаған. Ал кейбір көліктердің мемлекеттік нөмірлері тіптен жоқ.

Қайсар Қанафин – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

– Рейд барысында жүргізуші куәлігінен айырылған 6 жүргізуші, көлікті мас күйінде басқарған 8 адам анықталды.

Демалыс күні өңірде тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып 800-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 456-і жолда жүрі ережесінің бұзылу фактісі. Айта кету қажет, өткен бейсенбі күні Явленко тас жолында 32 жастағы мотоцикл жүргізушісі көлік апатына түсіп, оқиға орнында көз жұмды. Оның мотобайкы қарсы бағытта келе жатқан BMW автокөлігіне соғылған екен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің тәртіп сақшылары бүгіннен бастап “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы аясында жұмыс істемек.

 

Риат Шони