Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Людмила Демидова – «Березка» ПИК төрайымы:

– Жаз келісімен біз бірден қысқа дайындық жұмыстарына кірісеміз. Қазір біздің кооперативтегі 5 үй толығымен әзір. Негізі шілде айының соңына дейін 7 үй де қысқа дайындығын растайтын құжаттарын алады.

Ал Мағжан Жұмабаев көшесіндегі 115-ші үйдің иелері болса керісінше, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын аяқтауға асығар емес. Олар, әзірге жертөледегі құбырларды ғана ауыстырып қойған.
Жалпы, қазіргі уақытта облыс орталығында қыстың қамын ойлауға асықпаған шамамен 900-ге жуық баспана бар екен.

Анатолий Мишин – қала әкімінің кеңесшісі:

– Қазір қаламыздағы 115 үйде жуып-шаю және қысым арқылы тексеру жұмыстары аяқталды. Тағы 50-і бұл шараны жасауға өтініш жазған. Негізі қалада жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен 12 фирма айналысады. Айту керек, биыл қысқа дайындық жүргізуге асықпаған үйлерге жылу соңынан берілетін болады.

Қазір Петропавлда 1048 көпқабатты үй бар. Бүгінде оның тек 30-ы ғана жылыту маусымына толығымен әзір.

 

Айгерим Ержанова