Спорт

Петропавлда жаңа спорттық әмбебап алаң пайдалануға берілді

Жанат Мұхаметғалеев – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлiмiнің бас маманы:

– Міне, осымен жыл басынан бері Петропавлда 3-ші шағын футбол алаңы пайдалануға беріліп отыр. Бұған дейін біріншісі Партизан көшесіндегі 185-үйдің ауласында, ал екіншісі №1 мектепгимназиясының маңында салынды.

Нысанның ашылу салтанатына “Нұр Отан” партиясының өкілдері де келді. Олар балаларға доп тарту етіп, жеткіншектермен бірге футбол да ойнады.

Бұл алаң енді осы жердегі жеткіншектердің сүйікті орнына айналмақ. Балғындар мұндай нысанның пайда болғанына қуанышты.

– Енді мұнда балалармен бірге күнде футбол ойнайтын боламыз. Барлық жағдай жасалған.

– Мен футболды жақсы көремін. Болашақта әйгілі футболшы болғым келеді. Мына шағын алаң – шынығуға жақсы мүмкіндік.

Жыл соңына дейін облыс орталығында тағы 3 шағын футбол алаңы пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Борки кентінде және “Жастар” стадионында жаңа жаттығу құрылғыларын орнату жоспарланып отыр.

 

Тоғжан Ақмағамбетова