Мәдениет

Петропавлда ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Тасбай Симамбаевтің кітабының тұсауы кесілді

Тасбай Симамбаев – кітап авторы, ҚР Парламент Сенатының экс-депутаты:

– Бұл кітапты 5 жыл жаздым. Жастарға керек болар деп ойлаймын. Өйткені мұнда біздің өңірдің азаматтары туралы жазылған.

Бұған дейін Тасбай Симамбаев екі кітапты жарыққа шығарған. Біреуі туған жері Жалтыр аулына арналыпты. Ал екіншісінде депутаттық мансабы жайлы жазылған. Тасбай Қабашұлы өмірінің 30 жылға жуығын өңіріміздің ауыл шаруашылығын дамытуға арнаған. Кейін 1995 жылы ол ҚР Парламент Сенатының депутаты болып сайланыпты. Айту керек, Тасбай Қабашұлы – үш мәрте Қазақстан Парламенті жоғары палатасының құрамына енген жалғыз адам.
Қазір уақытта Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі. Жұмысбастылыққа қарамастан, ол азамат туған жеріне жиі келіп тұрады.

Ғабит Қоңырбаев – Тасбай Симамбаевтің жерлесі:

– Бұл азамат қолынан көмегін ешқашан да аяған емес. Ауданның, аулдың жағдайын үнемі ойлап отырады. Өз қаражатына Жалтыр орта мектебіне жабдықтар алып, балаларды бір аптаға Астанаға экскурсияға апарды. Аралатты.

“В саду моих воспоминаний” кітабі орыс тілінде 700 данада басылған. Еңбектің қазақша нұсқасы ағымдағы жылдың желтоқсан айында шығарылады деп жоспарланған.

 

Айгерим Ержанова