Денсаулық сақтау

Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие

Әсия Бейсенбаева, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі:

– Бүгін біз ертегі кейіпкерлерімен келдік. Осылайша, жүкті келіншектердің көңілін ауладық. Бесік жырының түрлері жайлы айттық. Себебі, ол – баланың санасына құйылатын ақыл, алғашқы тәрбие. Әр ана оны білуі тиіс. Сондықтан, бүгінгідей шараларды жиі өткізуді қолға алдық.

Ғалия Тасмағамбетованың жасы – 29-да. Төртінші перзентін жарық дүниеге әкелер күнді тағатсыздықпен күтіп отыр. Әр баланы тәрбиелеуге енесі көмектесіп, сәбилердің барлығына да бесік жырын айтып берген екен. Көбіне “Әлди, әлди ақ бөпем” деп басталған жырын әрі қарай балаға деген өз ыстық-лебіз, тілектерін қосып ойдан құрап, әндете береді екен. Ана әлдиін естіп өскен баланың тілі тез шығып, ойлау қабілеті де жылдам дамиды.

Ғалия Тасмағамбатова:

– Бұрынғы әжелерімізден келе жатқан бесік жырын ұмытпауымыз керек. Әр балаға арнап айтуға тырысамыз.

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны бөлек. Ал оны қазіргі заманауи заманның аналары айтып жүр ме?

– Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып “Әлди, әлди бөпешім” деп өлең айтатын әже, ана азайды.

 

Акбопе Танирберген