Спорт

Петропавл қаласында шағын футболдан алтыншы турнир аяқталды

Вячеслав Гуменный, “Мяч” қоғамдық жастар ұйымының төрағасы:

– Үстіміздегі жылы аула командалары арасындағы шағын футболдан 5 турнир өтті. Бүгін алтыншысының соңғы күні. Ақтық додада жалпы командалық жарыста топ жарған екі команда күш сынасады.

Биыл командалардың қалауы бойынша әр таймның уақыты тағы 10 минутқа созылып, жалпы 20 минут деп белгіленген. Қазір жасыл алаңда “Адмирал” және “Хромзавод” құрамалары бақ сынасуда. Әзірге, соңғылары ойынның басынан белсенді өнер көрсетіп, қарсыластар қақпасына гол соқты.

Бірінші тайм 9:5 есебімен “Хромзавод” командасының пайдасына шешілді. Ойынның келесі кезеңі де қыза түсті.

“Адмирал” құрамасы есепті теңестіруге тырысқанымен қарсыластары дес бермеді. Қатарынан бірнеше гол соққан “Хромзавод” құрамасы ақтық сайыста жеңіске жетті.

Эрик Кувардин, “Хромзавод” құрамасының капитаны:

– Қарсылас мықты болды, жақсы ойын көрсетті. Біз тыңғылықты дайындықтың арқасында жеңіске жеттік деп ойлаймын.

Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықпен және грамоталармен марапатталды. Жасөспірімдер арасында жыл сайын өткізілетін футбол ойыны барлығы 10 турнирден тұрады.