Қоғам

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының жергілікті филиалы “Skype” арқылы онлайн кеңес беруде

Гүлмира Жакупова, «Даму» қоры» АҚ СҚО бойынша өңірлік филиалының бас менеджерi:

– “Даму” қорымен “Шағын қалалар мен елді мекендердегі кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру бағдарламасы бойынша “Бизнес әр ауылға” жобасы іске асуда. Бағдарлама аясында “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры мен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы мен “Қазпошта”АҚ-ы арасында төрт жақты меморандум жасалды. “Бизнес әр ауылға” жобасы арқылы кез келген тұрғын бизнесті жүргізуге байланысты “Skype” желісі арқылы бірқатар сұрақтарына жауап ала алады.

Бүгін жеке кәсіпкер Аянбек Бижанов “Skype” бейнеқосымшасы арқылы “Даму” қорының мамандарынан кеңес алуға болатындығын таныстарынан естіп, мүмкіндікті пайдалануда.

Іскер азаматтың келешекте пластикалық терезелар құрастыратын цех ашпақ ойы бар. Сондықтан, оны бизнес-жоспар құру әдісі қызықтырады.

Аянбек Бижанов – жеке кәсіпкер, Петропавл қаласы:

-Алдағы уақытта несие алмақшы едім, соған субсидиялауды сұрадым. Қазіргі уақытта 10 жұмысшым бар. Тағы қосалқы орындар ашпақ ойым бар. “Даму” қоры алдағы айда мені Назарбаев университетіне оқуға жіберіп отыр. Жеке шаруашылықты дұрыс өндіруді, жүргізуді үйретеді.

Қала тұрғыны осыдан бес жыл бұрын “Даму” қорының қолдауымен өзінің жеке кәсібін ашқан. Бүгінгі таңда өзінің 2 бірдей техникалық қызмет көрсету станциясы бар.