Құқық қорғау органдары

Өңірде тағы екі адам су құрбаны болды

Антон Коптяев – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының басшысының орынбасары:

-Денесін Есіл өзенінен 7 шақырым тереңдіктен шығардық. Оның су жақта жүргенін ешкім көрмеген. Туыстары бізге 3 күннен соң келді. Біз оның мүрдесін 3 сағаттың ішінде таптық. Ал екінші оқиға, Мектеп аулында тіркелді. Суға кеткен – жас жігіт. Оны 5 тәулік бойы іздестірдік. Бұл ер азаматтың денесін де дәл сондай тереңдіктен алып шықтық.

Жалпы соңғы 6 айдың ішінде өңірде 13 адам суға кеткен. Оның 5-уі балалар.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биыл адам шығыны аз. Былтыр облысымызда 21 адам су құрбаны атанған. Оның 5-уі – бала. Өткен жылғы фактілердің дені Петропавл қаласында орын алған.
Қазіргі уақытта құтқарушылар қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жағажайларда қауіпсіздік шараларын күшейтуде.

Аскат Ержанов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

– Негізі жергілікті әкімдіктің шешімі бойынша жағажайларда таңғы 11-ден кешкі 21:00 /тоғыз/ аралығында жұмыс істейді. Осы уақытта біз тәртіп сақшыларымен бірлесіп қызмет атқарамыз. Өйткені, суға түсуге жастар көп келеді. Әсіресе, кешкі мезгілде.

Құтқарушылар суға түсуге ересек демалушылардың масаң күйде келетінін де айтуда. Еске сала кетейік, заң бойынша қоғамдық орындарда алкогольді өнімді пайдаланғандарға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

 

Айгерим Ержанова