Әр түрлі

Биылдан бастап “Сапро-Нат” ЖШС жеңіл конструкциялық нысандар құрастыруда

Наталья Белецкая – «Сапро-Нат» ЖШС ғылыми жетекшісі:

-Аумағы 100-200 шаршы метрді құрайтын жылыжайды 15 күннің ішінде екі адам тұрғыза алады. Астына іргетас орнатудың қажеті жоқ. Нысанның формасын толығымен доға тәріздес етіп немесе жартылай қабырғаға сүйеп жасауға болады. Жылыжайды екіге бөліп, бір жағында жазда тұруға болады, екінші жағында қалауыңызша қысқы бақ, галерея жасауға ыңғайлы. Саяжайы жоқ адамдар нысанды үйінің маңына орнатып, осылайша шағын бақ отырғызуына мүмкіндік бар.

Әсіресе, құрастырмалы жеңіл – конструкция жермен жұмыс істеуді жақсы көретін адамдарға таптырмас дүние. Ауыл шаруашылығында да қолдануға ыңғайлы. Бірақ, құрастыру машақаты көп екен. Сондықтан оны білікті мамандардың орнатқаны дұрыс,- дейді “Сапро-Нат” ЖШС ғылыми жетекшісі Наталья Белецкая.

Наталья Белецкая – «Сапро-Нат» ЖШС ғылыми жетекшісі:

– Нысанды жылыжай ретінде ғана емес, түрлі мақсатта қолдануға болады. Спорттық нысан немесе астық сақтау үшін қойма ретінде пайдалануға жарамды. Бағасы да қолжетімді. 1 шаршы метрі 10 мың теңге тұрады. Сыртқы қабатындағы жылтырағы күн көзінің сәулелерін кері қайтратындықтан жазда іші онша ыстық болмайды.

Мұндай жеңіл конструкциялар жергілікті 5 кәсіпорында орнатылған, ал тұрғындардан, әзірге сұраныс жоқ екен.

 

Тоғжан Ақмағамбетова