Әр түрлі

“Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филиалы бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Кеңес Мұқышев – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Жыл басынан қайырымдылық жасауға бағытталған “Кедергісіз келешек”, “Бақытты балалық шақ” акцияларын ұйымдастырдық. Үстіміздегі жылы жетім балаларды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін “Сәтті қадам” партиялық жобасы аясында екі кәсіпорынмен меморандум жасастық. “Ардагерлерді ардақтайық”, “Ұлы дала елі” жобасы арқылы жастарды отансүйгіштікке баулудамыз.

Партиялық жобаларды жүзеге асыру ісіне барлығы 56 қалалық бастауыш ұйымның өкілдері де атсалысыпты. Сондай-ақ, Елбасы тапсырмасына сәйкес, осы жылдан еңбек ұжымдарында қоғамдық келісім кеңесі құрылуда. Ол кәсіпорындағы еңбеккерлердің ауызбіршілігін сақтауға ба ғытталған. Оған өңірімізде алғашқылардың бірі болып “Қызылжар су” ЖШС-нің әкімшілігі үн қатып, кәсіпорында қоғамдық келісім кеңесін құрды.

Руслан Буташев – “Қызылжар су” ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы:

-Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылар арасында кикілжің туындамауын қадағалайды. Ай сайын қоғамдық келісім кеңесінің отырысын өткіземіз. Бүгінде еңбек ұжымдарының арасындағы бірлікті нығайту тұрғысында жоспар құрдық. Қазір басқа да қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс орнатудамыз.

Ал кілең педагогтардан құралған “Білім” бастауыш партия ұйымы көбінесе оқушылармен жұмыс жасайды екен. Аталмыш ұйым 1-жартыжылдықта ардагерлерге қолғабыс етіп, қалалық мектептерді макулатура жинауға тартыпты. Кейін одан түскен 400 мың теңгені даун синдромына шалдыққан кішкентай Эвелинаның еміне берген.

Шарбан Таймуллина:

– “Білім” бастауыш партия ұйымының төрайымы.

Жетекші партия өкілдері 56 қалалық бастауыш партия ұйымындағы ұжымды біріктіре түсу үшін тамыз айында спорттық және шығармашылық сайыс ұйымдастырмақшы.

 

Берік Қасен