Әр түрлі

Петропавлда экзотикалық құстар мен жануарлардың көрмесі өтуде

Аппақ какаду болса керісінше, күні бойы дауыстап, шулап тұрады. Өйткені, өзіне назар аудартқанды жаны жақсы көреді екен.

Ол көбіне Австралия, Жаңа Гвинея мен Тасманияны мекен етеді. Мұндай құстың түрі Қазақстанда сирек кездеседі. Тіпті, жоқ десе де болады. Салмағы бір келіге де жетпейді. Өмір сүру ұзақтығы – 60 жыл.

Аслан Актемиров – көрменің әкімгері:

-Какаду, тукан токо – Қызыл кітапқа енгізілген құстар. Өте қарапайым және әдемі. Ал Жако мен сұр түсті тотықұстар Гиннес рекордтар кітабына енгізілген. Өйткені, олар бір жарым мыңнан астам сөзді есте сақтай алады.

Ал мынау – ұйқышыл кинкажу Ирис. Орталық және Оңтүстік Америкада өмір сүретін бұл сүтқоректі жануар күні бойы тыныш жатып, демалады. Ал түнде керісінше, ширақтанып, жан-жағындағы адамдармен араласқысы келеді. Көбіне-көп банан жегенді ұнатады екен.

Леонид Логачев – көрме ұйымдастырушысы:

-Бұл – кинкажу. Оны гүл аюы деп те атаймыз. Түнгі жануар болғандықтан, күндіз олар жапырақтар арасында тығылып жатады. Әрі асса 30 жылға дейін өмір сүреді. Кинкажудың жүні өте бағалы.

Бірақ, көрмені тамашалаушылардың дені мына Боня есімді маймылды көру үшін келеді. Өйткені, ол өте белсенді әрі үнемі көңілді жүреді. Балалармен ойнағанды ұнатады екен.

Аслан Актемиров – көрменің әкімгері:

– Бұл біздің көрменің жұлдызы – аққолды гибон. Мұндай маймылдар Қытайда, Үндістан мен Таиландта кездеседі. Қазір жасы 4-те. Негізі 25 жылға дейін өмір сүреді. Бойының ұзындығы 2 метрге дейін жетеді. Ол өзін келушілерге сипатып, олармен ойнайды. Картоп пен тауық етін жегенді жақсы көреді.

Жалпы көрмеге 20-ға жуық экзотикалық құс пен жануар әкелінген.

-Маған мұнда тотқұстар ұнады. Олар өте әдемі және сөйлеу біледі.

-Мен мұндай көрмеге бірінші рет келдім. Маймылды көрдім. Бұрын оларды тек кітап беттерінен ғана тамашалайтынмын. Енді оларды өз көзіммен көріп, қолыммен ұстадым. Африкада жүргендей сезіндім.

Айту керек, бұл көрме Петропавлда тамыз айының 28-іне дейін жалғасады.

 

Айгерим Ержанова