Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК елордалық “Бәйтерек” құрамасын ірі есеппен тізе бүктірді

Кейін, солтүстікқазақстандық аяқдопшылар шабуылдарына қарқын қосты. Әсіресе, алдынғы шепте жүрген Божко Ступич пен Евгений Аверченконың жұбы қарсылас қақпашының жиі мазасын алды. Ал, ойынның 6-шы минутында елордалықтар айып алаңының ішінде допты қолмен ұстап тәртіп бұзды. Мұны байқаған төреші 11 метрлік нүктені көрсетті. Пенальтиден допты шірене тартқан Сергей Струков есепті теңестірді.

Таблодағы есеп 1 де 1. Мұнымен жерлестеріміздің қарқыны басылар емес. Матчтың 17-ші минутында әріптестерінің пасын ұтымды пайдаланған сұрмерген шабуылшы Божко Ступич есепті арттырып, допты қарсылас қақпаның торында тулатты.
Бұл голдан соң елордалық аяқдопшылардың екпіні бірден басылды. Қызылжарлықтар шабуылдарын үдетіп, есепті артырудың амалдарын іздеуде. Матчтың 38-ші минутында ардагер ойыншы Евгений Аверченко көзге түсіп, гол авторы атанды.
Осылайша ойынның алғашқы бөлігі теріскейліктердің пайдасына шешілді. Ал, келесі тайм алғашқыдағыдай голға толы болмады. Матчтың тек 72-ші минутында тағы да сол қызылжарлық Божко Ступич кездесудің нақты нүктесін қойып, есепті 4 те 1-ге жеткізді.

Матчтың қалған минуттарында жерлестерімізде есеп айырмасын ұлғайтатын бірнеше сәттер болды. Дегенмен де қорғаныста жамбастап жатқан “Бәйтерек” құрамасының футболшылары қақпаларына гол жібермеді.

Неманья Видич – “Қызыл-Жар СҚ” ФК жартылай қорғаушысы:

-Бұл ойын Қызылжар үшін маңызды болды. Өйткені, біздің мақсатымыз “Бәйтеректі” ірі есеппен ұтып қоржынға 3 ұпай салу болатын. Команда жаттықтырушының тапсырмасын толықтай орындады. Алғашқы минуттарында гол жіберіп алғанымызбен кейін, жеңісті қарсыластың қолынан жұлып алдық.

Енді жергілікті “Қызыл-жар СҚ” ФК жігіттері келесі матчты 23-ші шілде күні өз алаңында өткізбек. Онда жерлестеріміз “Екібастұз” командасын қабылдайды.

 

Култанов Байболат