Әр түрлі

Петропавлда тұрғындар такси шақырту мүмкін емес деп шағымдануда

Сергей Акимов – такси жүргізушісі:

-Біздің қызметтің құны шамалы болсын көтерілді. Бірақ, бұл теңізге тамған тамшыдай. Көлікті жөндеу, оған кететін саймандар қымбат тұрады. Міне, телефон арқылы тапсырыстар қабылдаймын. Қай клиент құнын жоғары қылады, соны діттеген жеріне апарамын.

Бүгінде Петропавл қаласында 5 таксопарк бар. Бұлардың барлығы теріскейліктерге жыл 12 ай бойы қызмет етіп келеді. Дегенмен де шаһар тұрғындары кей кезде көлік шақырту мүмкін болмайды дейді.

Қызмет көрсетуші таксопарк иелерінің айтуынша биыл клиенттерден түсетін тапсырыстар көп. Мереке күндері барлығы үйлеріне немесе өзге де діттеген жерлеріне жылдам жеткілері келеді. Ал, оларға тез арада көлік тауып беру қиын. Бірақ, бұл мәселелер біртіндеп өз шешімін табуда.

Наиль Абраев – “Империал” такси диспетчерлік қызметінің директоры:

-Көп жылдар бойы бұндай көп тапсырыстар түскен емес. Қазір физикалық тұрғыда бірде-бір таксопарк бұны реттей алмай жатыр. Қазір бізде клиенттерге қызмет көрсететін 100-ге жуық машина бар. Тамыз айына дейін бұл мәселе біртіндеп шешіледі деген ойдамын.

Айта кету қажет, кей такси қызметтері автокресло немесе балаларға арналған қауіпсіздік белдіктерінің болмауы себебінен кішкентайлары бар клиенттерді тасымалдаудан бас тартады.

 

Риат Шони