Әр түрлі

Петропавлда қызмет этикасына қатысты облыстық конференция өтті

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-Біз бұл жерде әдеп туралы түсіндіреміз. Жұмыс барысында оларға қателікке бой алдырмауға үйретеміз.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы әдеп уәкілінің рөлі”. Бұл тақырыпта облыс әкiмдiгi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiм меңгерушiсi Юрий Наумочкин баяндама жасады.

Юрий Наумочкин – облыс әкiмдiгi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiм меңгерушiсi:

-Менің мақсатым – аппарат басшылары мен маслихат жетекшілеріне әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын түсіндіру. Өйткені, ол – фискалды орган мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы көпір іспетті. Кейбір кездері мемлекеттік қызметшілер заңды біле тұра, оны қалай қолдану керектігінен хабарсыз болып жатады. Осылайша, олар қателікке бой алдырады. Бұл жерде оларға әдеп жөніндегі уәкілдер көмекке келеді.

Жалпы бұл жиында қатысушылар 7 сұрақты қарастырды. Оның ішінде еліміздегі мемлекеттік қызмет институтының қалыптасу кезеңдері де сөз болды. Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сараптама жүргізіп, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына баға берді.

 

Айгерим Ержанова