Әр түрлі

Петропавлда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапархан Омаров азаматтарды қабылдау өткізді

Өйткені, жақында аталған мемлекетте десоветизация туралы заң қабылданды. Енді соған сәйкес Чернобыль қаласындағы майдангер жатқан мола жермен-жексен етілмек. Бұл мәселені депутат Сапархан Омаров бақылауға алып, оны Сыртқы Істер министрлігі арқылы шешетіндігін айтты. Келесі сұрақ зейнетақыға қатысты болды. Юрий Золотилин өзіне тиісті соманы 1,5 жыл бойы ала алмай жүр екен. Оның өз себебі бар дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Абай Қайсин.

Абай Қайсин – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауының меңгерушісі:

-Бұрындары Юрий Золотилиннің жеке кәсібі болған. Сол кезде ол салық төлемей, мемлекетке 300 мың теңгеден астам ақша қарыз болып қалыпты. Сол себепті, қазір салық комитеті сот шешіміне сәйкес оның шотының қызметін уақытша тоқтатып, қарызды зейнетақы есебінен қайтарып жатыр.

Ал келесі болып қабылдауға кәсіпкер Александр Ещанов келді. Ол Петропавлда бір ғимаратты сатып алып, гиперпресті кірпіш шығаратын зауыт ашпақшы. Бірақ, «Даму» қоры оның бизнес жоспарына кепілдік беруден бас тартып отырған көрінеді. Өйткені, қаржы ұйымының өкілдері бұл кәсіпті тиімсіз деген.

Александр Ещанов – «Арт Сити НТ» ЖШС директоры:

-Мен ғимарат сатып алғым келеді. Ол үшін маған кепіл ақша жетпей тұр. Шамамен – 40 млн теңге. Оны бізге «Даму» қоры беруі тиіс еді. Бірақ, олар бас тартып отыр. Негізі жоба құны 150-160 млн теңгені құрайды. Оның 47 млн-ы құрылғы сатып алуға бағытталмақ.

Александр Ещановтың аталған жоспары іске асса, зауытқа 15 адам жұмысқа қабылданады. Осылайша, олар күніне 1,5 мың кірпіш шығаруды көздеп отыр. Ал оның бағасы бір данасына шамамен 70-75 теңгені құрамақ. Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров кәсіпкерге «Даму» қоры филиалының басшысымен жолықтыруға сөз берді.

Сапархан Омаров – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-СҚО келгенімен бір апта болды. Мұнда халықпен кездесіп олардың ұсыныс-тілектерін тыңдадым. Әлі бұл жерде 1-2 күн болмын.

Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров жұмыс сапарымен біздің өңірде әлі екі күн болады. Бұл уақыт аралығында ол облыс орталығындағы мемлекет қолдауымен ашылған «Юди-дент» стоматологиялық орталығына, Есіл ауданының Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжіне және Бескөлдегі «Левин» ЖК-не баруды жоспарлап отыр.

 

Айгерим Ержанова