Әр түрлі

Петропавлдың орталық көшесінде алғаш рет кеңес алаңы ұйымдастырылды

Надежда Амельченко – қала тұрғыны:

-Орталық алаңда серуендеп жүріп, кеңес алаңын көрдім. Жақындап қарасам, дәрігер мамандар да отыр екен. Бірден кезекке тұрып, қан қысымымды өлшеттім. 110 да 80 екен. Бұл – мен үшін қалыпты жағдай. Медбикелер де денсаулығымның жақсы екендігін айтты. Көшеде осындай алаңның жұмыс істегені жақсы екен.

Айту керек, бұл жерден солтүстікқазақстандықтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi»-нің жұмысы туралы да ақпаратқа қанықты. Мәселен, қазір мұнда банк пен клиент арасындағы депозит ашардағы келісім шартты екі есе төмен бағаға рәсімдеуге болады. Бұрындары оның құны 22 мыңнан сәл асса, енді оны айдың аяғына дейін 11 мыңға жасатуға болады.

Жандос Қосаев – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ СҚОФ аға қаржы кеңесшiсi:

-Біз тұрғындарға банк арқылы қалай пәтер алуға болатындығын түсіндіріп жатырмыз. Банктегі акциялар туралы да ақпараттандырып жатырмыз.

Айту керек, мұндай кеңес алаңы облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Енді аталмыш шара Петропавлда әр тоқсан сайын өткізіледі деп жоспарланған.

 

Айгерим Ержанова