Құқық қорғау органдары

Жыл басынан Петропавл жолдарында жаяу жүргіншіні қағып кетудің 11 оқиғасы тіркелген

Автобус жүргізушісі:

-Иә, мен дереу жедел жәрдем көлігін шақырту керек екендігін білдім. Бірақ, сол сәтте абдырап қалдым. Және дене жарақатын алған әжей де дәрігерлердің көмегінен бас тартты. Ол маған өзін жақсы сезініп тұрғанын айтты.

Дегенмен де екі күннен кейін автобустан құлаған әжей өзін нашар сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті.

Индира Жақсыбаева – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

-Қазіргі таңда автобус жүргізушісіне қатысты процессуалдық шешім шығару үшін осы іс жөніндегі материал қалалық ІІ Басқармасына жолданды.

Осыған ұқсас жағдай Ы.Алтынсарин көшесінде де орын алған. Онда «Mercedes» маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі 77 жастағы зейнеткерді жаяу жүргіншілер жолағынан өтер кезінде соғып кеткен. Бұл жағдайда жүргізуші абдырап қалмай, зардап шегіушіні дереу 3 қалалық емханаға жеткізіпті. Бірақ, болған жағдай туралы тәртіп сақшыларын ескертпеген. Артынша оны полиция өкілдері іздеп тауып, оның бұрындары жол көлік апатына себепші болғандығын анықтады. Ол – Жамбыл ауданының 34 жастағы тұрғыны. Қазір оған қатысты материал сот қарауында жатыр.
Жалпы, жыл басынан қала жолдарында рөлде отырған 11 адам жаяу жүргіншіні көлікпен қағып кетіп, зардап шегушілерге көмек көрсетпестен оқиға орнынан ізін суытқан.

Тогжан Акмагамбетова